Еңбекші ауданы: Тұрғын алаптардың жолдарына шағал тас төселді

Шымкентте аудан аумақтарындағы тұрғын алаптарды абаттандыру, жолдарды жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.


Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасап.

Бүгінде Еңбекші ауданының Жұлдыз аумағында бірқатар тұрғын алаптардағы жолдарға шағал тас төселуде. Атап айтқанда, Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс көшелеріне 3000 метр, Жұлдыз тұрғын алабында 800 метр және «Бадам-2» тұрғын алабында 3600 метр жолдарға шағал тас төселді.

Жоспар бойынша биыл 256 көшенің жолы жөнделеді. Олардың көбі орташа, кейбірі күрделі жөндеуден өтуде. Статистика бойынша, былтыр орташа жөндеу бойынша қалада 68 шақырым жол жөнделген. Биыл бұл көрсеткіш 5 есе көп. Сондай-ақ, биыл Шымкентте топырақ жолдардың барлығына шағал тас төсеу жоспарланған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар жол инфрақұрылымын жақсартады деген сенім бар. Жалпы қаладағы жол құрылысына бюджеттен 27 миллиард теңге бөлінген. Нәтижесінде жаңа жұмыс орны ашылып, жол жөндеу ісіне 2700 жұмыс азамат тартылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.