Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжілісі өтті

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжілісі өтті.


Мәжілісте морокко шегіткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының барысы, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы, сонымен қатар жалпы, ақпараттандыру және әкімшілік бөлімшесінің атқарып жатқан жұмыстары пысықталды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев морокко шегіткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары бойынша баяндап, биылғы атқарылған және атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша баяндаған аудан әкімі аппаратының басшысы Талғат Оразбеков жыл басынан 11 аппараттық жиын өтіп, 141 хаттамалық тапсырма беріліп, оның 70-і орындалғанын, 46-сы тұрақты бақылауға қойылғанын айтты. Сондай-ақ мерзімі бар 9 хаттамалық тапсырманың барын айтып, берілген тапсырманың 16-сы орындалмағанын мәлімдеді. Өз сөзінде аудан әкімі баяндамашыға орындалмаған әр тапсырманы талдап, қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша жалпы, ақпараттандыру және әкімшілік бөлімшесінің басшысы Ермекбай Өтешов қабылданған «Е-Өтініш» платформасының жұмысы жайлы тоқталды.

Мәжілісті қорытындылаған аудан басшысы ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, олардың мерзімінде және нәтижелі орындалуы тікелей өз бақылауында болатынын жеткізді. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.