Келес ауданы ардагерлері ардақталды

Келес өңірінің өсіп, өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен ардагерлерді ардақтау мақсатында Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіндегі мәдениет үйінде «Ел ардақтылары» атты мерекелік шара болып өтті.


Айтулы шараға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы қатысып, ел басынан кешкен қиын-қыстау кезде өзінің кәсіби біліктілігімен танылып, кейінгі буын өкілдеріне бағыт-бағдар сілтеп еліміздің дамуына өз үлесін қосқан ардагерлерге «Ардақты ардагер» медалін табыстады.

«Көп жылғы еңбегімізді, жастарға берген тәрбиемізді, қоғамға араласып жүріп қызмет істеген жылдарымыздың барлығын еске алып, аудан әкімі осындай марапатпен бізді ардақтап, сыйлап отыр. Ол үшін үлкен алғысымызды білдіреміз, еліміз аман болып, тыныштық заманда жастарға жөн сілтеп, бейбіт өмір сүрейік» — деп өзінің ыстық ықыласы мен алғысын білдірді марапатталғандар.

Басқосу соңында Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, ардагерлеріміздің көңілін шаттыққа бөледі. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.