Келес ауданы әкімі «Nur Оtan» партиясының Келес аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығындағы «Nur Оtan» партиясының Келес аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.


Қоғамдық қабылдауға алғашқылардың бірі болып қатысқан Ошақты ауылдық округі С.Саттаров елді мекенінің тұрғыны Ташбибі Махатова 60 жуық қара малы бар екенін, ендігі таңда тұяқтыны тойдыратын жайылымдық жер қажет болып тұрғанын алға тартты. Өз кезегінде аудан әкімі әр ауылдық округінде ортақ жайылым жерлер белгіленгенін, сонымен қатар кәсібін кеңейтемін дегендер үшін қазіргі таңда жерді жалға беру конкурсы өтіп жатқандығы, соған қатысу арқылы заң талаптарына сәйкес жер алуға мүмкіндігі барын айтты.

Арыздар мен өтінімдер тыңдалған жиында Абай ауылының тұрғыны Базарбай Тұрлыбековте өз ұснысын айтты. Аудан орталығындағы арық атыздардың бүгінгі халі талапқа сай емес, көшелерге ағынды су келмейді. Жаз мезгілінде ауыл тұрғындары бақшаларын таза сумен суғаруға мəжбүр болуда деді. Мәселе мен ұсынысты тыңдаған аудан әкімі Абай ауылының әкіміне тиісті мамандармен көтерілген мәселені зерттеп, нақты ұсыныспен алдын кіруін тапсырды. Ал қабылданған шешім туралы жеке қабылдауға келген тұрғынға жауап берілетін айтылды.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың қабылдауына бас аяғы 10 адам қатысты. Аумақ басшысы тұрғындардың арыз, өтінім және ұсыныстарын тыңдап шығып, тиісті мамандарға тапсырма беріп, толық заң аясында шешімін табатынын жеткізді.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.