Ордабасы ауданы әкімі шаруаларды аграрлық саладағы жаңа технологияларға бейімдеуге шақырды

Ордабасы ауданы әкімі Бағлан Батыршаев жазғы жиын-терімде мал азығы қорын молайтып, төрт түліктің басын сақтап қалу мақсатында Бөржар ауылдық округіндегі бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.


Әуелі Ұялыжар елді мекеніндегі Иса шаруа қожалығы мен С.Сұлтановтың 5 га жоңышқа шабындығында болып, тұрғындарға қуаңшылық салдарынан туындаған жағдайдан ауыл болып, бірлесіп жеңуге шақырды.

Облысымыздың кей аудандарындағы табиғи шөптің бітік шықпағандығы салдарынан алып-сатарлар бағаны негізсіз көтеріп жіберген. Мәселені оңтайлы шешу үшін, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтың тапсырмасына орай өңірімізде мал азығын сататын агроқұрылымдардың тізімі жасақталып, тікелей шаруалармен байланыс орнату жұмыстары жүргізілуде.

Сапар барысында аудан басшысы бірқатар шаруа қожалығының қысқа дайындық жұмыстарын пысықтады.

Шаруалардың ұсыныс тілектерін тыңдады. Сондай-ақ, Бағлан Дәнебекұлы шаруаларға суармалы жерлеріне тек бір реттік ғана емес, 2-3 рет өнім алатын ауыл шаруашылық өнімдерін егіп, табысын еселей түсуге шақырды.

Өз кезегінде аудан әкімінің бұл ұсынысы шаруалардың қызығушылығын оятты. Сапар соңында орман-тоғайлардағы шөп қоры мол жерлердегі табиғи шөптерді орып алу жөнінде ауыл әкімдеріне тапсырма берді. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.