Парламент Мәжілісінің депутаттары Кентау қаласында

Кентау қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары, фракция мүшелері Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ержан Құдайберген Төлепұлы және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бейсембаев Елнұр Сабыржанұлы қалаға арнайы ат басын бұрып, «Кентау трансформатор зауыты» акционерлік қоғамында және «Электродеталь» ЖШС-де болып, зауытта жаңадан іске қосылған технологиялармен танысып, өз сайлаушылары, яғни зауыт жұмысшыларымен кездесті.


«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы; Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы да сөз қозғалды. Кездесуге «Nur Otan» партияcы Түркістан облыстық маслихатының депутаты, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ — ың Басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев, қала әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қанат Бекметов қатысты.

Сонымен қатар іс-сапар барысында Кентау қаласы, Қарнақ ауылында орналасқан «Давран ата» шаруа қожалығында болып, шаруа қожалық жұмысымен танысып, жұмысшыларымен кездесіп ұсыныстарын тыңдады.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.