Президенттік қолдау: Шымкенттік 284 214 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды

Шымкенттік 284 214 азаматқа қаласынан төтенше жағдай кезеңінде 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек тағайындалды.


2020 жылғы 21 мамыр, сағат 09:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 633 адамнан өтініш түскен.

Оның ішінде 284 214 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 272 436 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 285 214 азаматтың ішінде 272 436 өтініштер бойынша, ал, 12 778-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Айта кету керек, бүгінге дейін 283 897 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.