Сайлау-2021: Төрткүлде белсенділік жоғары

Бүгін еліміз үшін маңызды саяси оқиға – ауыл әкімдерінің халықтық сайлауы басталды.


Таңғы сағат 07:00-де басталған науқанға Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылдық округінің тұрғындары белсенділік танытуда.

Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

7 сайлау учаскесіне келген тұрғындар карантин талаптарын сақтай отырып, өз таңдауларын жасауда.

Төрткүл, Қызылжар, Спатаев, Төрткүл төбе, М.Жұмабаев мектебі, Көкарал, Арыстанды сайлау учаскелеріне келіп, ауылдың әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартуға бар күш-жігерін салатын кандидатқа дауыс беруде.

Ауданнан таңдап алынған Төрткүл ауылдық округінде сайлаушылар саны ең көбі Төрткүл орта мектебі (2160 сайлаушы) мен Көкарал (2000-ға жуық сайлаушы) сайлау учаскелері.

Аталған ауыл округ әкімдігіне жалпы 2 үміткер құжаттарын тапсырғын.

Сайлау бүгін таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00 аралығында өтеді.

Ордабасы ауданы әкімдігі мамандары тұрғындарға  сайлауда саяси белсенділік танытып, өз ауылының жаңа басшысын әділ сайлауға атсалысуға шақырды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.