Сайрам ауданында ASHYQ қосымшасына қосылу жылдам, оңай, әрі тегін

Сайрам ауданы бойынша ASHYQ қосымшасына қосылу үшін көмек пунктері жұмыс жасауда.Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі  хабарлайды.


Сайрам ауданы бойынша ASHYQ қосымшасына қосылу үшін көмек пунктері жұмыс жасауда. Жылдам, Оңай, әрі ТЕГІН.

ASHYQ жобасына қосылып бизнес объектіге QR-код алу үшін, және толық ақпарат қажет болса Атамекен Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал мамандары көмек көрсетеді.

Мекен жайды назарларыңызға ұсынамыз:

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі №66 «Кәсіпкерлік мектебі» ғимараты. Омаров Мұрат Абылайханұлы тел: +7775 393 80 34

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі №146 «Сайрам базары» әкімшілік ғимараты ішінде орналасқан пункте Есентурлиева Кундыз +7701 131 20 71

Айта кетейік, Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Бекболатұлының «Сайрам, Төлеби аудандары аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысына сәйкес аудандағы коронавирус індетінің таралуын тежеу мақсатында атқарылып жатқан алдын алуы шараларына арналған баспасөз брифингі өтті.

Сайрам ауданы территория жағынан Шымкент қаласына іргелес орналасқан. Тұрғындар қарым-қатынасы тығыз байланыста болғандықтан шектеу шараларын қатаңдатуға тура келді.

«Ashyq» жобасын енгізбеген нысандардың жұмыс жасауына тыйым салынады. Тек алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат беріледі.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.