Сайрам ауданы: Мемлекеттік бағдарлама аясында 1065 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды

2011 жылы 1 шілде күні жергілікті аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында Үкіметтің шешімімен Халықты жұмыспен қамту орталықтары құрылды.


Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыру.

2021 жылдың есептік кезеңіне сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, биылға арналған кешенді жоспарға сай, жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына ауданның 2803 азаматы қатысты.

Оның ішінде:

— 1065 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды;

— 186 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылып, 19 млн 800 мын теңге субсидияланды;

— 295 адам жастар практикасына жолданып, 71 млн 428 мың теңге айлық жалақыларына төленді ;

— 678 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, оларға 130 млн теңге төленді;

— Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында ниет білдірген 390 азаматтарға 227 млн 526 мың теңге мемлекеттік гранттар берілді.

— 189 азамат «Бастау-бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерінде оқытылып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының II бағыты аясында несие алуға үміткерлер болып тіркелді.

Аудандағы осындай ауқымды жұмысты Сайрам ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің 45 қызметкері атқаруда. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.