Сайрам ауданы: Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.


Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ш.Убайдуллаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Халмурадов және «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әбдіқадіров қатысып, ауданның мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Мемлекеттік қызметте айрықша еңбек етіп жүрген қызметшілерді, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтен зейнеткерлік демалысқа шыққан ардагерлерді марапаттап, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Шухрат Азатуллаұлы: «220 мыңға жуық халқы бар Сайрам ауданында аудан әкімі аппаратында, 11 ауылдық округтері әкімі аппараттарында, 13 дербес бөлімдерде жалпы 224 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Оның ішінде 151-і ер азаматтар болса, 73-і қыз-келіншектер. Ал, 47 мемлекеттік қызметші — 30 жасқа дейінгі жастар.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке, мемлекеттік қызметшілерге деген талап жоғары. Мемлекеттік қызметші тек білімді маман ғана емес, сонымен қатар, білікті де жоғары жауапкершілікті, тәжірибелі, әділдік, адалдық, адамгершілік қасиеттері мол, өз елінің патриот азаматы болуы қажет» дей келе, мемлекеттік қызметшілердің алдағы атқаратын қызметтеріне сәттілік пен табыс тіледі.

Мемлекеттік қызмет қоғамның бір бөлшегі ғана емес, жалпы барлық саланы біріктіретін, реттейтін жауапты қызмет. Еліміздің болашағын кемелдендіру жолында жылдан-жылға мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, қажетті кадрларды дайындау қолға алынып келеді. Осы бағытта әр қызметші билік пен қоғамның ашық байланысын орната отырып, мемлекеттік саясаттың орындалуы мен насихатталуына, қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес, қызмет атқаруы міндетті.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ауқымды сала мамандары, жергілікті мемлекеттік қызметшілер ауданның өсіп-өркендеуіне және қоғамдық-саяси өмірінің жақсаруына үлесін қосып, аянбай еңбек етуде.

Мерекелік іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.