Сарыағаш ауданының әкімі чемпионға құрмет көрсетті

Сарыағаш ауданы әкімі М.Отаршиев дзюдо күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңімпаз атанған Зайнул Нұрбаланы арнайы қабылдады.


Аудан басшысы жас спортшыға аудан абыройын асқақтатып, Сарыағаш ауданының намысын абыроймен қорғағандығы үшін алғыс айтып, әкімдік тарапынан спорт саласына тұрақты түрде қолдау жасалатындығын жеткізді. Сонымен қатар, алдағы жарыстарда тек биіктерден көрініп, әлемдік додаларда оза шабуына тілектестік білдіріп, арнайы «Алғыс хат» пен бағалы сыйлық табыс етті.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың маусым айының 21-25 күндері аралығында Шардара қаласында дзюдо күресінен 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында Сарыағаш аудандық №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері қыздар арасында 44 кг салмақта Зайнул Нұрбала І-орынды, 40 кг салмақта Тағай Сымбат ІІ-орынды, ұлдар арасында 42кг салмақта Есенгелді Дармен ІІІ-орынды иеленді. Жеңімпаз шәкірттерді дайындаған бапкерлер Бейсенбаев Олжас пен Мекен Санжар.

Айта кетсек, ағымдағы жылы спорт саласында ауданымыздың қоржыны дзюдо күресі, ерлер мен әйелдер арасындағы жекпе-жек, шинкикушинкий мен до шотокан каратэ, қоян қолтық ұрыс, бокс, тоғызқұмалақ, кіші футбол мен самбо спорт түрлерінен 17 жүлдемен толтырылды. Оның ішінде, 1 Азия кубогы иегері, 1 Азия чемпионы мен 13 Қазақстан чемпионы атанған. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.