Созақ ауданы: Карантиндік шектеу шараларының орындалуы және мобильді топтардың жұмыстары бойынша аудан әкімдігінде жиын өтті

Созақ ауданы аумағында коронавирустық инфекциясы бойынша карантиндік шектеу шараларының орындалуы және мобильді топтардың жұмыстары бойынша аудан әкімдігінде жиын өтті.


Айта кету керек, Қазақстанның барлық аймақтарында карантин режимі күшейтілгені ақпарат көздерінен баршаға мәлім. Бұны күнделікті теледидардан хабарланып, әлеуметтік желіден оқып отырмыз. Жасыратыны жоқ, жер бетіндегі барлық елдерге келген бұл індеттің тізгіні тартылар емес. Десекте, мемлекет тарапынан қауіпсіздік барынша нығайтылуда. Осыған орай, әр азамат өзі үшін, отбасы, туған туысы, алыс жақыны үшін сақтық шараларын бірінші орынға қойғаны абзал. Сонымен жиында, пандемияға байланысты аудандағы эпидемиологиялық ахуал бойынша, аудандық санитарлық —эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы М. Ғафур, аудан халқының денсаулығы, емделушілер, вакцина жұмыстары бойынша аудандық орталықтандырылған емхана басшысы Т.Қалдыбеков, аудан көлеміндегі карантиндік режимге байланысты тәртіп, ереже, шектеулер бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Б. Махаш хабарлама жасады. Аудандық мобилді топтың жетекшісі аудан әкімінің орынбасары Б. Айдарбеков барлық ауыл, поселке әкімдіктері бойынша талдау жасап, карантин режимі өрескел бұзылған жәиттерді назарға алып, мобилді топтардың, ауыл әкімдерінің жұмысын барынша ширатып, жүйелендіру қажеттігін алға тартты. Аудан басшысы С. Полатов жергілікті халықтың амандығын сақтау, пандемиямен күресті күшейту мақсатында жұмыла жұмыс жүргізуді, мобилді топтардың жұмыстарын күшейтуді, халық көп шоғырланатын жиындарға, той —жиындарға, отбасылық басқосуларға, қатаң тиым салып, халық арасында дұрыс түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, ескерту шараларын күшейтуді баса айтып, ауыл кент әкімдеріне, мобилді топ мүшелеріне нақты тапсырмалар берді. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.