Түркістан: Білім ұяларында бала құқығы қатаң қадағалауда

Түркістан облысында жыл басынан бері балалардың білім беру ұйымдарындағы сабаққа дұрыс қатысуы қамтамасыз етілмегендігі туралы 2 дерек тіркелген.


Әкімшілік жауапкершілікке тартылған ата-аналарға 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Құдайберген Шербаев брифингте мәлімдеді,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі жыл сайын 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізеді. Мақсаты — балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Өңірде бұл бағыттағы тиісті шаралар қолға алынады. Білім ұяларындағы бала құқығын қорғау – департаменттің назарында»,-деді Құдайберген Қайыпбекұлы.

Негізінен департамент тарыпынан «Бала қорғау» тобы жұмыс істеуде. Апта сайынғы мониторинг нәтижесінде өткен аптада арнайы чатқа 63 сұрақ келіп түскен. Аталған мәселелерді оңтайлы шешу мәселесі бойынша тиісті шешімдер қабылданған. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.