Түркістан: Жетісай ауданының әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Жетісай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, аудан әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, қоғамдық қабылдау өткізді.


Қоғамдық қабылдауға ауыл округ әкімдері, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар ауыз су, жол, тұрғын үй, ағын су, пай үлестік жер алу, атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өтініштерін айтып келді. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтсек, Жаңа ауыл ауылдық округі тұрғындары, әлеуметтік көмек және жеке кәсіпкерлік пен айналысуға жер сұрап келді. Одан өзге жол бойына жарық тарту ,мәселелері бойынша шағымдарын жеткізіп, шешіп беруін сұрады. Өз кезегінде Мұрат Болатұлы әлеуметтік көмек,жол бойына жарық тарту бойынша бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, азаматтар көтерген шағым бойынша көп күттірмей заң аясында жұмыс істелінетінін жеткізді. Ал, кәсіпкерлік бойынша жер алу тек заңға сәйкес аукцион арқылы өтетінін түсіндірді. Одан бөлек, аудан әкімі, ел тұрғындарын таза ауыз су мен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тоқтамауы тиіс екендігін. Таза ауыз су арқылы қаншама тұрғындардың денсаулығын жақсартып қана қоймай, сол арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыра алатынын атап өтті. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.