Түркістан: Келес ауданы әкімі бірнеше мемлекеттік қызметкерді алғыс хатпен марапаттады

Келес ауданы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне байланысты салтанатты құтықтау өтті.


Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, лауазымдық міндеттерін үлгілі, әрі адал орындағаны үшін бірнеше мемлекеттік қызметкерді алғыс хатпен марапаттады.

-Еліміздің мемлекеттік қызмет саласы ұзақ қалыптасу кезеңінен сәтті өтіп, бүгінде кәсіби мемлекеттік аппарат құрылуда.Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихы мемлекеттің дамуы мен өркендеуі білікті мемлекеттік қызметтің негізінде ғана мүмкін екенін дәлелдеп берді. Бүгінгі мемлекеттік қызметшіден халық асқан жауапкершілік пен жоғары біліктілікті, тиімді қызмет пен жоғары адамгершілік қасиеттер мен патриотизмді күтеді. Сіздер халықтың көңілінен шығады деп сенемін, – деді Ақментай Үсенұлы құттықтауында.

Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған жиында жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған Келестік азаматтар салтанатты түрде ант қалдады. Абыройлы міндеттің жауапкершілігін сезініп, мемлекеттік қызметтің алғаш табалдырығын аттаған мамандар Отанға адал болып, кәсіби қызмет көрсетуге серт берді. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.