Түркістан: Сайрамда биыл 40 шақырымнан астам жол жөндеуден өтеді

Түркістан облысы, Сайрам ауданы аумағында жалпы 1 276 шақырым автокөлік жолы бар. Оның 55,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.


Биыл аудан бойынша жалпы 42,1 шақырымды құрайтын 25 көше жөндеуден өтуде.

Бұдан бөлек, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сай, 40 жыл бойы жөндеу көрмеген Сайрам және Төлеби аудандарын қосатын күрежолға асфальт төселеді. Облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 22,5 шақырымы орташа жөндеуден өтуде.

2020 жылы бастау алған жол жөндеу жұмыстары тамыз айында толықтай аяқталады. Жауапты мердігер мекеме — «Корпорация Сити-Строй» ЖШС.

Айта кету керек,   Түркістан облысында ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 156 нысан қамтылады. Оның ішінде 538 шақырым жол мен елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстары жүреді. 2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 79 пайыздан 81,4%-ға арттыру көзделуде. 

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай салдарынан су басқан облыстық маңызы бар автомобиль жолдары мен көшелері қалпына келтіріліп, нәтижесінде 47,6 шақырым жол мен 4 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Төлеби ауданында жауған жауын салдарынан зақымданған 14 шақырым жол мен су шайып кеткен 3 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.