Түркістан: Сарыағаш ауданына Солтүстік Қазақстан облысынан делегация келді

Сарыағаш ауданына Солтүстік Қазақстан облысынан делегация келді.


Сарыағаш ауданы,  Құркелес ауылдық округінің мәдениет үйінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде, жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Тасқұловтың төрағалығымен, Солтүстік Қазақстан облысынан келген бір топ делегация өкілдері аудан тұрғындарына Солтүстік өңіріне ерікті түрде қоныс аударудың тиімділігі, және көшкен жағдайда көрсетілетін жәрдем мен ынталандыру жайлы толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиналысқа аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашова, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданынан келген делегация мүшелері, Ақжар ауданы мәслихатының хатшысы А.Хоршат, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Баржанов және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Шайсултанов қатысты.

Жиын барысында аудан тұрғындары да көшуге байланысты өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды. Ауыл тұрғындары көбінесе баспана мен берілетін мемлекеттік жеңілдіктер қызықтырды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.