Түркістан: Төлебиліктер Маңғыстауға 3 200 бау шөп тиелген вагондар жөнелтті

Төлеби ауданынан «БАТЫСҚА КӨМЕК» шарасы аясында Маңғыстауға 3 200 бау шөп тиелген вагондар, яғни 80 тоннаға жуық мал азығы жөнелтілді.


Биылғы қуаңшылықтың салдарынан зардап шеккен батыс өңіріне төлебилік жастар мен еріктілер 80 тоннаға жуық мал азығын вагондарға артты.

Төлеби ауданында 4 050 ден астам шаруа және фермерлік қожалықтар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысады. Биыл ауданда 65 946 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде 29 563 гектар жерге ескі және жаңа жоңышқа егіліп, дала шөбі және сабанды қосқанда 155,9 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалған.

Ауданда 78 687 бас ірі қара мал, 39 002 бас жылқы, 208 789 уақ мал бар. Аталған мал басына қажетті мал азығы (жоңышқа, табиғи шөп, сабан) – 184,2 мың тоннаны құрайды. Ал, ағымдағы жылы 9 813 га суармалы егістік алқабына ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның 61 пайыздан астамы мал азығына бағытталған.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.