Түркістан облысында жыл басынан бері бесінші үшем дүниеге келді

Түркістан облысы Түлкібас ауданында үшем дүниеге келді.


37 жастағы Назипа Янгибаева № 1 облыстық перинаталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа туған нәрестелерге Әдемі, Ислам, Самира есімдері берілген. Мерзімінен ерте туған үшем перениталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Бүгінде медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайы жақсарып келеді. Әзірге үшемнің ауруханадан қашан шығатыны белгісіз.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұлы мен екі қызы бар. Көпбалалы ана — үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Былтыр № 1 облыстық перинаталдық орталығында 8746 сәби дүниге келді. Жыл басынан бері 3108 нәресте туған. Оның 72 — егіздер болса, екеуі — үшем.

Орталық дәрігерлері әр жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалып отыр.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. You’re in point of fact a good webmaster. The site loading speed is incredible.
    It sort of feels that you’re doing any distinctive trick.
    Also, the contents are masterwork. you have performed a excellent job in this subject!
    Similar here: bezpieczne zakupy and also here: Sklep

  2. I absolutely love your site.. Great colors & theme. Did you create this amazing site yourself? Please reply back as I’m planning to create my very own website and want to learn where you got this from or what the theme is named. Thank you!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.