Түркістан облысының мұғалімдері оқушыларды лидерлікке тәрбиелеуді үйренуде

«Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасы Түркістан қаласында бастау алды.


Бағдарламаның мақсаты – қазақ мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту. Балаларға қарым-қатынас дағдылары үйретіледі – бұл көпшілік алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту.

Оқушыларға қарым-қатынас, сыни ойлау негіздерін, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөз жүргізу дағдыларын тиімді пайдалану үйретіледі. Факультатив сабақтар, ай сайынғы кездесулер, шеберлік сыныптар, танымал тұлғалардың қатысуымен көшбасшылық тренингтер және үздік оқушылар марапатталатын жыл сайынғы конференциялар жоспарланған.

«Болат Өтемұратов қоры мен Түркістан облысы әкімдігі арасында меморандум түзілген. Бұл жоба соның аясында жүзеге асып отыр. Ерекше жоба 5 жылға жалғасады. Яғни, қазір оқытылған 100 мұғалім бір жылдың көлемінде үйренген әдіс-тәсілдерін мектептерінде өтетін факультатив сабақтарында пайдаланып, өздерінің есептерін беретін болады. Жоба мамандары тренингке қатысқан мұғалімдердің мектептеріне барып, сынып жағдайында бағалау жұмыстарын жүргізеді. Ал, жыл соңында жиын өткізіліп, дәрес алған ұстаздардың үздіктерін марапаттап, жаттықтырушы атанады. Осылайша 5 жылда жаттықтырушылардың сандарын арттыруды көздеп отырмыз», – деді Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев.

Бағдарлама аясында бір ай ішінде Түркістан мен Түркістан облысының және Шымкент қаласының 50 пилоттық мектебінен 100 мұғалім тренингке қатысады. Бағдарламаны бірінші болып 15 000-нан астам бала оқуды бастайды. Алдағы бес жылда Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары қамтылмақ. Бағдарламаның жалпы бюджеті 5 млн. АҚШ долларын құрайды.

«Бағдарламада ұстаз рөлі ерекше көрсетілген.  Біздің бағдарламада жаттықтырушы қатысушыларға басымдық бермейді, олармен бір деңгейде орналасады.  Ол «жоғары тұрған – төмен тұрған» позициядан емес, «теңге тең» позициясы бойынша әрекет етіп, оларға материал алуға, білім мен тәжірибе жинауға көмектеседі», – дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.