Түркістан облысының 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасында өңірдің басты жетістіктері мен жоспарлары туралы айтып, Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында 2021 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік – экономикалық дамудың аралық қорытындыларын шығарды.


Облыстағы жалпы өңірлік өнім 2018 жылмен салыстырғанда 41%-ға артып, 2,4 трлн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнім көлемі 18%-ға, ауыл шаруашылығы өнімі 34%-ға немесе 185,4 млрд. теңгеге артты. Соңғы 3 жылда негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 1,6 трлн. теңгені құрап, оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 968,5 млрд. теңгеге жетті. 736 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын орта бизнестің үлесі 21%-ға дейін жеткізілді. Облыс бюджетінің көлемі 1,6 есеге артып, 893 млрд. теңгені құрады.

5 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 238,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,8 млрд. теңгеге артты. 110,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 41 млрд. теңгені құрайтын және 4 340 жұмыс орынын ашуға мүмкіндік беретін 60 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 480,5 млрд. теңге құрайтын 46 жоба іске асырылуда. Жалпы, өнеркәсіп өнімі көлемін 2021 жылы 565 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Бүгінгі күні өңірде 141 мыңнан аса шағын орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлерге берілген қаржылар көлемі 3 жылдың ішінде 97,2 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде ағымдағы жылдың 5 айында 28,8 млрд. теңгеге 537 жоба мақұлданды.

Ауыл шаруашылығында 5 айда 170,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,9%-ды құрады. Салаға 15,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 1,9 есеге артты. Биыл егіс көлемі 845 мың гектарға орналастырылып, жоспар 100%-ға орындалды. Жаңадан 54 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1 300 гектарды құрап, 74 мың тонна өнім өндірілді. Мал мен құс басы және өнімділік орташа 4-5%-ға артуда. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 8 мың 900 гектарға 2 771 жоба жүзеге асырылып, 91 мың тонна көкөніс өнімі жиналды. Қала аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында құны 35,5 млрд. теңге құрайтын 6 серпінді ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Азық-түлік белдеуі аясында 11 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген. Еңбек өнімділігі 18,9% артып, жылдық жоспар толығымен орындалды. Жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемі 850 млрд. теңгеге жеткізіледі.

Инвестиция 5 айда облысқа 175,8 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3%-ға артты. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен жыл соңына дейін жалпы құны 255,5 млрд. теңгеге 3 243 жаңа жұмыс орнымен 81 жобаны жүзеге асыру күтілуде. Жыл қорытындысымен облысқа 800 млрд. теңгеге инвестиция тарту жоспарлануда. Құрылыс есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 70,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 73,0% ға артты. 2021 жылдың қорытындысымен құрылыс жұмыстары 305,9 млрд. теңге мөлшерінде жоспарлануда. Жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 162,7 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 16,5%-ға артты. Облыста тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 790 мың шаршы метр болып белгіленді.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 60 нысанның құрылысына бюджеттен 12,7 млрд. теңге бөлініп, ағымдағы жылы 29 нысан пайдалануға беру жоспарлануда. Жыл қорытындысымен облыстағы 843 елді мекеннің 717 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етіліп, қамту деңгейі 1 504 мың тұрғынды немесе 93,3%-ға жетеді. Табиғи газбен қамту бойынша 2021 жылы 87 нысанның құрылысына 13,8 млрд.теңге бөлініп, оның ішінде 24 нысан (21 е.м) пайдалануға берілсе, қалған 63 нысан 2022 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен, 444 елді мекен (52,6%) немесе 1 млн. 343 мың халық (66,6%) табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Электрмен жабдықтау бойынша 2021 жылы 54 нысанның құрылысына 8,5 млрд.теңге қаржы бағытталып, 7 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде 13 елді мекен немесе 14 мың тұрғын электр қуатымен қамтылады. 2021 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға 321 нысан немесе 1 179,6 шқ. жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 79%-дан 89%-ға дейін артады.

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының 1-кезеңі аяқталып, Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарға 3,6 трлн. тенгеге 141 іс-шара енгізілді. Оның ішінде 2,7 трлн. теңге немесе 75%-ы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады. Соның ішінде Түркістан қаласы аумағында суландыру жүйесін қалыптастыру және 200 млн. текше метр (м/3) ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандарының құрылысы жүргізілуде.

Бұдан бөлек, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. «Састөбе» химиялық кешені» құрылысының жобасы (химия өнімдерін: каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, цемент өндіру). Құны 136,6 млрд.теңге. Мұнай өңдеу зауытының құрылысы (5 класты мотор отынын және мұнай-химия өнімдерін өндіру үшін қуаты жылына 2 000 000 тонна көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша мұнай-химия комбинаты). Көмір-химиялық зауытының құрылысы (5 сыныпты мотор отынын және мұнай – химия өнімдерін өндіру үшін қуаты жылына 100 мың тонна көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу жөніндегі көмір – химия комбинаты). Фосфор кендерін өңдеу зауытының құрылысы. Құны 129,9 млрд.теңгені құрайды. Тұрмыстық техника өндірісі. Өгем өзенінде СЭС каскады құрылысы (СЭС-тің жаңа жоғары технологиялық каскады оңтүстік өңірді ең жоғары жүктемелерді жаба отырып, реттеу мүмкіндігімен электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.). Құны 130 млрд.теңге. (іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдар, ашылатын жұмыс орны 150 адамды құрайды).

Түркістан қаласын одан ары қарай дамуының 2-кезеңіне келетін болсақ, ол 4 аумақта жүзеге асырылатын болады: 1-аумақ. Аэропорт аумағы: 12 жоба іске асырылады. Оның ішінде, 100 орындық қонақ үй, 3 самолетке ангар, 400 га қара өрік бағы, 50 га жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады. 2-аумақ. Әкімшілік-іскерлік орталығы: 57 жобаны салу жоспарлануда. Атап айтқанда теннис орталығы, мұз сарайы, ат-спорт кешені, демалыс орындары және инженерлік инфрақұрылымы. Сондай-ақ, 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласында 570 төсектік көп бейінді аурухана (МЖӘ), жедел медициналық жәрдем станциясы, және Ана мен бала орталығы салынады. 3-аумақ. Б.Саттарханов даңғылы: спорттық кешен, Яссы желілік саябағы, ірі сауда орталықтары, 182 га универститеттік ботаникалық бақ, Парк Лайн коттедж кешені. 4-аумақ. Мәдени-рухани орталық: Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, Керуен Сарай тұрғын үй кешені, Аманат коттеджі қалашығы, Medina Palace қонақ үйі, Хилует мәдени-рухани орталығы салынады.

Жалпы, Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 1 трлн. теңгесі немесе 77%-ы жеке инвестициялар болып табылады. Яғни бюджеттен бағытталған 1 теңгеге жеке инвестициялардың 3 теңгесі тиесілі. Жаңа Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. тенгеге жеткізілетін болады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.