Түркістан облысы: Ауыл әкімдерін сайлау саяси реформаларға тың серпін береді

Түркістан облысының ақсақалдары елімізде тұңғыш рет өткізілетін ауыл әкімдерінің сайлауын саяси реформаларға тың серпін беретініне сенімді.


Ал, ең бастысы тұрғындарды ел басқару мен шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашады. Өңірде сайлау науқанына дайындық қызу. Түркістан облысы жасыл аймақта. Дегенмен карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс. Алдағы сайлауда эпидемиологиялық жағдай да басты назарда болмақ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оңтүстік аудандарға жасаған жұмыс сапарында Мақтаарал, Шардара және Жетісай аудандарының ақсақалдарымен кездесіп, бірқатар қордаланған мәселелердің шешу жолдарын қарастырды. Облыс әкімі сайлау науқанына дайындық барысын пысықтады. Жетісай ауданының ақсақалдары суармалы жерлерді сорланудан сақтап, құнарлығын арттыру, істен шыққан су ұңғымаларын жөндеуден өткізіп, шаруалардың ағыс су тапшылығын шешу, диқандарды жала жұмыстарына қажетті отынмен толық қамту, ауылшаруашылығы саласына мемлекеттен субсидия бөлу секілді мәселелерді ортаға салды. Көтерілген мәселелерге қатысты облыс әкімі жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді.

Шардара ауданының қариялары мен зиялы қауым өкілдері Қазақстанда тұңғыш рет өтетін ауыл әкімдерінің аламанына халық сенімін ақтайтын, белсенділігі, іскерлігі, жоғары жауап­кершілігі бар азаматтардың қосылғанын қалайды.

«Ең алдымен, қарияларға деген үлкен қошаметіңіз үшін халықтың атынан ризашылығымды білдіргім келеді. Өткен жолы келгеніңізде, жаңарған Түркістан қаласын тамашалауға деген ниетімізді бірден қолдадыңыз. Түркістанда болдық. Қасиетті мекеніміздің гүлденуі барлығымыз үшін мақтаныш. Ал, бұқараның билікке деген сенімін арттыратын алдағы ауыл әкімдерінің  сайлауын бүкіл ел болып қолдап жатыр. Ауыл халқының өз әкімін өзі сайлауы болашақ әкім үшін де, халық үшін де жаңа белес. Үлкен жауапкершілік»,-деді Шардара ауданының Ардагерлер кеңесінің мүшесі Оралбай Ақбердиев.

Көпшілік арасында сайлау кезінде руға бұра тарту болуы мүмкін екені туралы пікір бар. Оны ауданындағы ардагерлер жоққа шығармайды. Көпті көрген қариялар кіл мықтыда кімнің мықты екені тікелей дауыс беру арқылы анықталатын саяси бәйгенің уақыт өте келе деңгейі биіктей түсетінін айтты.

Сапар барысында облыс әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.