Түркістан: Қалалық саябақ (Дендропарк) жуық арада пайдалануға беріледі

Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта Қалалық саябақтың (Дендропарк) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кету керек,  2020 жылдың наурыз айында құрылысы басталған нысан жуық арада пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Саябақтың жалпы ауданы – 27,8 га құрайды, саябақ аумағында 12 000 дана түрлі ағаш, 2360 ш.м. аумағына гүлдер, 20 476 ш.м. аумағына көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңға 12 000 түп ағаш отырғызылған, аяқ жол тақтайшалары және асфальт жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған.

Жарықшамдар мен газон және суару жүйесі толықтай жүргізілген. Жалпы алғанда нысанның 98 пайызға жұмысы аяқталған. Саябақтың құрылысы мен күтіп ұстау жұмыстары үшін 150-ден астам қызметкер жұмыс атқаруда.

Түркістан шаһарын жасыл желекке айналдыру мақсатында іске асқан Дендросаябақ — велосипедпен де серуендеуге таптырмас орын болмақ.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.