Түркістан қаласында жазғы мектепте 14 мыңнан аса оқушы білім алуда

Білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында жұмыс атқаратын жазғы мектеп облыс орталағында биылғы жазда да жалғасын тапты.


2021 жылдың 26 мамыр — 19 маусым аралығына жоспарланған жазғы мектепте 1-4 сыныптардан 5400 оқушы, 5-10 сынып оқушыларынан 8625 оқушы білім алуда.

Тегін негізде оқытылып жатқан мектепте сабақ уақыты 40 минутты құрайды. Және 3, 4 сабақтан аспайды, үй тапсырмасы берілмейді, оқушының білімін бағалау да болмайды. Сонымен қатар, қолайлы құрылған кесте арқылы мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, жазғы мектеп қашықтан оқу кезінде иегере алмаған тақырыптарды оқушылар қосымша сабақтарда үйренеді. Ұлттық білім академиясы 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі әр пәннің қиын тақырыптарына талдау жасап, нұсқаулықтар дайындап, мектептерге ұсынады. Жазғы мектепте білім алу ерікті түрде жүргізіледі.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.