Түркістан: Covid-19 инфекциясымен күрес облыс орталығында қарқынды жүзеге асырылуда

Түркістан қаласына 8800 доза «SINOVAC» вакцнасы жеткізілген.


Күнделікті мобилдік топтың рейдтік тексеру жүргізу барысында 2021жылдың тамыз айының нәтижесі бойынша жалпы араланған нысандар — 17 649 құраған.

Толтырылған хаттама — 760. Оның ішінде жеке тұлғаға — 738, жеке кәсіпкерге — 18, лауазымды тұлғаға-1, заңды тұлға — 3 толтырылған.

Мобильді топ жұмысын бастағалы салынған айыппұл саны — 41 348 475 теңгеге жеткен.

Ал, індетпен күрестегі вакцинациялау нәтижесіне сәйкес, I-ші компонент вакцинация ектіргендер – 63077 адам болса, II-ші компонентті – 37901 азамат салдырған.

Қазірде Hayat Vax, Sputnik V вакциналарынан бөлек, Қытайда өндірілген, әлемнің 39 мемлекетінде қолданылып жатқан — Sinovac вакцинасының 8800 дозасы жеткізіліп, егілуде.

Тамыз айында COVID-19 диагнозымен тіркелген науқастар саны– 839, пневмония диагнозымен тіркелген науқастар саны- 224 адам.

Жыл басынан бергі ПЦР тест тапсырған тұрғындар саны 49 123 адамды құраған.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.