Төлеби: Диханкөлде балалар алаңшасының құрылысы жүруде

Төлеби ауданы Қоғалы ауылдық округі Диханкөл елді мекенінде балаларға арналған ойын алаңшасы құрылысы жүруде.


Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Құны 2 млн 980 мың теңгені құрайтын балалар алаңшасының құрылысын аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тапсырыс беріп, жасатып жатыр. Құрылыс жұмыстары бүгінде қызу жүргізілуде және жақын арада балаларға пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Қоғалы ауылдық округі былтырғы жылы аудан көлемінде ұйымдастырылған «Үлгілі елді мекен», «Үлгілі көше» «Үлгілі аула» байқауына қатысып, үшінші жүлделі орынға ие болған болатын. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған көшелер балаларға арналған ойын алаңшасын салып беру сертификатын ұтып алды. Нәтижесінде Бәйтерек көшесі балғындары заманауи ойын алаңшасының иегері атанды.

Таулы аймақта орналасқан Диханкөл елді мекенінің тұрғындары ойын алаңшасының құрылысын жүргізуге мұрындық болған аудан басшысына алғыстарын жеткізді. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.