Төлеби: Жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен семинар-кеңес өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен семинар-кеңес өтті.Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Бүгін Төлеби аудандық мәслихат аппаратында жаңадан сайланған ауылдық округ әкімдерімен семинар оқу өтті. Саяси маңызы зор іс-шара  «Қазастан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы аясында жергілікті өкілді орган – мәслихат пен атқарушы орган — ауылдық округ әкімдерінің бір-бірімен қарым қатынасы мен іс-әрекеттері туралы және 4-деңгейлі бюджетті қалыптастыру мен қабылдау, бекіту тәртібі барысында атқарылатын жұмыстарды түсіндіру жайлы болды. Семинарда мәслихат аппаратының басшысы А.Абдрахманов ауыл әкімдеріне бюджет кодексі мен қолданыстағы заңнамалық актілердің талаптарынан туындайтын өзекті мәселелер бойынша жан-жақты әңгіме қозғады.

Семинар соңында мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы, ауыл әкімдерінің өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарына жауап беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, жиынды қорытындылады.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.