Төлеби: Фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жүргізілуде

Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі Екпінді елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Медициналық мекеме ғимаратының құрылысына Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы тапсырыс беріп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік серіктестігі негізінде атқарылуда. Құны 118 млн теңге тұратын ФАП ғимаратының құрылысын «Satti Group» ЖШС –і атқаруда. Құрылыс басында еңбек етіп жүрген жұмысшылардың 30 пайызы ауыл тұрғындары.

— Үш жүзге жуық отбасы мекен ететін Екпінді ауылына қарасты медициналық пункттің әбден тозығы жеткен болатын. Ескі ғимаратта отырған дәрігерлер үшін жұмыс істеуге ешқандай жағдай жасалмаған еді. Ауыл халқының өтінішімен жаңа ғимарат құрылысы бүгінде қарқынды жүруде. Фельдшерлік – акушерлік пункт 15 бөлмеден тұрады, бұл жерде күндізгі стационар жұмыс істейді. Дәрігердің қабылдауында болған науқас емін алысқа бармай, осы жерде қабылдауына толық мүмкіндік қарастырылған,- деді округ әкімі Мақсат Болысбекұлы.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.