ШЫМКЕНТ: Қала әкімі жауын салдарынан су басқан елдімекеннің жағдайымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елдімекеніне барып, жағдай барысымен танысты.


Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды. Мамандардың пікіріне сүйене алдағы үш күнде толассыз жауын-шашынның болатынын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілуін қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Сонымен қатар әкім жауыннан келетін қауіпті алдын ала болжай алмаған жауапты лауазымды азаматтарға тиісті шара қолданылатынын мәлім етті.

Айта кетейік, кеше сағат 19.14-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты нөсер салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келген. Судың деңгейі 20-50 см құраған. Көп мөлшерде келген судан арық арнасынан асып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басқан.

14.05.2020 жылы сағат 12-00-дегі жағдай бойынша аталған елдімекекенде жауын-шашын салдарынан 60 аула учаскесі мен 60 шаруашылық құрылыстарын (су деңгейі 20-50 см) су басты, оның ішінде 24 тұрғын үйді су басқан, 5 шаруашылық нысан қираған. Онда қазір қала әкімінің тапсырмасымен ТЖ салдарын жою бойынша ТЖД жедел штабы құрылған. ТЖД, сондай-ақ №6506 ә/б күшімен (қазіргі уақытта 7000 м3 су сорылды) каналдарды тазалау, тереңдету және арнаны түзету жұмыстары жүргізілді.

Су басу аймағынан 300 адам (124 бала) эвакуацияланды, оның ішінде 294 адам туысқандарына және 6 адам №119 ОМ базасында эвакуациялық пунктке орналастырылды. Оқиға орнында 4 қосалқы эвакуациялық пункт дайындалды (№ 97, 105, 120, 126 ОМ). Сондай-ақ ТЖД (133 қызметкер, 10 бірлік техника және 19 мотопомпа), ЖАО (46 қызметкер, 31 бірлік техника), 6506 әскери бөлімі (100 қызметкер, 4 бірлік техника) жұмылдырылды.

Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда. Аула учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізілуде.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.