Шардара: Мемлекеттік жол картасы 2020 бағдарламасы аясында «Дарын» дамыту орталығы ашылды

Шардара қаласынан «Дарын» дамыту орталығы ашылды. Мемлекеттік жол картасы 2020 бағдарламасы аясында іске асырылған дамыту орталығында 6-12 жас аралығындағы балаларға білім алады.


Орталықтың иесі Ақмарал Жақсылықова кәсіп бастау үшін мемлекеттен қайтарымсыз 3 млн 500 мың теңгелік грант жеңіп алған. Қазіргі кезде балалардың 90%-ы есте сақтау қабілетінің төмендігінен берілген ақпараттарды түгел қабылдай алмайды және өте баяу оқиды. Осы тұрғыда «Дарын» дамыту орталығы балалардың мәселесін шешуге атсалысатын болады.

Бұл орталықтың негізгі мақсаты – жылдам оқыту, есте сақтау қабілетін жақсарту, буындап оқуды меңгерту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру және барлық пәнді еркін меңгеруді үйрету.

Айта кетсек, орталықтың негізін қалаушысы Түркия мемлекеті, Измир қаласындағы Эге университетінен білім алған. Жылдар бойы жиған білімі мен ізденістің арқасында «Жадыны дамытуға» арналған авторлық кітабы жарық көрді. Сол оқулық бойынша балаларға білім беретін болады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.