Шардара: Әлеуметтік саясатты нығайтуға бағытталған келісімге қол қойылды

Шардара ауданы әкімдігі, жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері мен кәсіподақтардың аудандық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналғанкелісімге қол қойылды.


2021 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 152-бабы 1-тармағына сәйкес, республикалық деңгейде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестіктің және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтіп, әлеуметтік әріптестер ҚР Үкіметі, жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойды.

Халықаралық еңбек ұйымының лайықты жұмыс тұжырымдамасы қағидалары негізінде әзірленген құжат әлеуметтік әріптестікті жақсартуға, экономикалық саясатты нығайтуға, халықтың тиімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, лайықты еңбек жағдайлары мен лайықты жалақыны қалыптастыруға, әлеуметтік саясатты нығайтуға бағытталған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Бас келісімнің негізгі тармақтарына тоқталып, сонымен қатар әлеуметтік әріптестердің туындаған проблемаларды келіссөздер арқылы сындарлы түрде шешуге, өзара қолайлы шешімдерді іздеуге және еңбек дауларының алдын алу және шешу саласындағы әлеуметтік әріптестіктің өзекті мәселелер қаралған.

2021 жылдың 7 маусымында Түркістан облысы әкімдігі, жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері мен кәсіподақтардың облыстық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, Аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия төрағасының орынбасары «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық филиалының төрайымы Б.Биманова, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің филиалы-Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұман, «Шардара ауданы бойынша мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Алипбаев, «Қазақстан энергетиктердің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Шардара ГЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы» филиалының төрағасы А.Аманов және аудандық жұмыс берушілер одағының төрағасы Т.Жалғасбаев арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған үшжақты келісімге қол қойылып, әлеуметтік тұрақтылықты, қоғамның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал жасау бойынша шаралар қабылданды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.