Шымкентке жыл соңына дейін 600-ге жуық жаңа автобус әкелінеді

Шымкентке жыл соңына дейін 600-ге жуық жаңа автобус әкелінеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау барысында мәлімдеді.
Шымкент қаласында шалғай орналасқан елді мекендерде қоғамдық көліктер қатынап жатыр. 17 қыркүйектен бастап Солтүстік саяжайға №108 «А» автобусы тұрақты түрде жүруде. Желтоқсан айында №45 автобус бағытының жұмысын 10 минут жиілікпен Солтүстік саяжайға дейін ұйымдастыру жоспарланған.
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдауда айтты.
«Қалаға жыл соңына дейін 600-ге жуық газбен жүретін автобус алынады»,-деді әкім.
Сонымен қатар бүгінгі өткен онлайн қабылдауда азаматтар әлеуметтік мәселелерді алға тартты. Тұрғын үй және жер құжаттарын рәсімдеу бойынша да сұрақтарын қойды.
Әрбір тұрғынның мәселесін жіті тыңдаған шаһар басшысы барлығы заң жүзінде шешілетінін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.