Шымкентте «Біз біргеміз» акциясы аясында 1000-ға жуық отбасыға көмек көрсетілді

Шымкентте «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында 1000-ға жуық отбасыға көмек көрсетілді.


Шымкентте «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелерінің демеушілігімен қайырымдылық шарасы жүзеге асты. Бұл акция Қасиетті Рамазан айындағы Ораза айт мерекесі қарсаңында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында өткізіліп отыр.

Шара аясында Шымкенттегі 1000-ға жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетілді. Аталмыш көмек аудан әкімдіктері тарапынан жасақталған аз қамтылған отбасылар тізімі бойынша берілуде. Ол тізімде көпбалалы аналар, мүгедек жандар, жалғыз басты зейнеткерлер бар.

Оларға көмекті «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер жеткізуде. Белсенді топ өкілдері азық-түлікті сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен үлестірді.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасының бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны болатын.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.