Шымкентте Жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен «Балаларға бақыт сыйла» іс-шарасы өтті

Бүгін Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балаларға бақыт сыйла!» іс-шарасы өтті.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оған әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 5-12 жас аралығындағы 40 бала қатысты.

Игі шараның мақсаты бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау, танымдық өрістерін кеңейту болып табылады.

Экскурсия барысында балаларға «Шымқала» тарихи-мәдени кешені таныстырылып, зообақты аралатты. Ойын алаңшасындағы аттракциондарға ойнатып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Мұндай іс-шара ертең де жалғасын табады.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында мүмкіндігі шектеулі 6000-нан астам баланың әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.

Бір реттік төлемді алу үшін ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ. Мерекелік төлемді жүзеге асыруда зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректер базасындағы мәліметтері негізге алынады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.