Шымкентте “Жас маман” бағдарламасымен 40-қа жуық құрал-жабдық алынған

Бүгінде білім ордаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуда бірқатар жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – “Жас маман” бағдарламасы, деп хабарлайды Anyq.kz.


Аталған жоба аясында Шымкент қаласының «Жол – көлік колледжі» МКҚК-ның материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттар талаптарына сай заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін қаржы бөлінген болатын. Негізгі мақсат – еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау, орта білім алған мамандардың кәсіби біліктілігін артыру.

Таяуда оқу орнының 1201000 – “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” және 1303000 – “Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару” мамандықтары бойынша қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Қазіргі таңда 40-қа жуық құрал-жабдық колледж базасына толық орнатылды. Атап айтқанда, “Bosch FSA 740 Автокөлік жүйелерінің диагностикалық кешені”, “LAUNCH X431 Pro 3 диагностикалық мультимаркалы сканері”, “Слесарлық верстак GEFEST-ВС”, “Автомобиль диагностикалық сканері launch HD box III”, “Гидравликалық штабелер SFH 1516” және тағы басқа құрал-жабдықтар заманауи соңғы үлгіде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.