Шымкентте Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты шығаратын зауыт салынуда

Шымкенттегі «ЕвроКристалл» ЖШС еліміздегі алпауыт кәсіпорындардың бірі. Аталған серіктестік көлемі 150 мл-ден 2 литрге дейінгі әртүрлі формадағы шыны ыдыстарын жасайды.


 Оны тамақ өнеркәсібі мен фармацевтикада пайдаланады. Тапсырыс берушілер көп. Әсіресе, шарап зауыттары, газдалған сусын өндіруші, жеміс шырындарын шығаратын зауыттардан тапсырыс жиі түседі. Көкөніс консервілеуші зауыттар да осы өндірістің шыны ыдысына зәру.

Кәсіпорын директоры Рустам Суховтың айтуынша, 2011 жылы ашылған өндіріс орны қазіргі таңда 300 адамды жұмыспен қамтып отыр.

– Кәсіпорын жылына 200 млн дана бөтелке, банка шығара алады. Зауыт өнімі экологиялық жағынан таза, берік. Зауытымыздың өз зертханасы бар. Онда шыны өнімдерін химиялық, физикалық сараптаудан ұдайы өткізіп отырамыз. Зертхана заманауи құралдармен жабдықталған. Компания өнімдеріне Қазақстанның көптеген қалаларынан, сондай-ақ Қырғызстан мен Ресейден де тапсырыстар түсуде,– дейді кәсіпорын басшысы.

Сондай-ақ, серіктестік келер жылы өз ауқымын кеңейтпек. 2021 жылы құрылысы толықтай аяқталатын кәсіпорын Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты өндіретін зауыт болмақ. Жаңа өндіріс ошағы 160 адамды жұмыспен қамтып, жылына 500 миллион өнім шығаруға қауқарлы.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.