Шымкентте балаларды оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды

1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкентте балаларды оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды, -деп хабарлайды Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы.


1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаладағы №2 оңалту орталығының жаңа корпусы есігін айқара ашты.  Жаңа корпус 60 төсек-орынға есептеліп, лайықталған.

Орталықта невралогиялық ақауы бар және кардиохирругиялық және ортапедиялық отадан кейін балалар оңалту емін алады. Аталған емдерді қабылдау үшін мұнда медицина мамандары балаларға физиотерапиялық емнен бастап, гидроәдіс, массаж және логопед қызметін көрсетеді. Сондай-ақ, сихологтың қызметін көрсетеді. Сондай-ақ емдеу мекемесінде мамандар монтессори жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Жаңадан ашылған корпустың тағы бір артықшылығы, ерекшелігі – мұнда  өз еркімен қимылдай алмайтын балалар арнайы анықтама қағазы арқылы ата-анасымен келіп орталықта ем қабылдай алады.

Айта кету керек, оңалту орталығында 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.