Шымкентте кезекті «Эко-сана» сенбілік акциясы өтті

Шымкент қаласында «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында кезекті «ЭКО-САНА» сенбілік акциясы өтті.


Акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және айналаны қоқыстан тазарту, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау.

Сенбілік барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева тазалық шарасына өз үлестерін қосып, қала тұрғындарын абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Кезекті тазалық акциясына жастар мәслихатының депутаттары, қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 15 команда жасақталып, 200-ге жуық белсенді жас қатысты.

Сондай-ақ, екі айға жалғасатын акция барысында көшпелі түрде өзен, көл жағалауларын тазалау, күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, қаланың кіреберіс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтары шығарылады.

Аталмыш акция барысында үздік ұйымдар мен жастар көшбасшылары арнайы номинациялармен марапатталып, жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Cенбілік акциясында барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.