Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандар науқастар саны 200-ден асты

Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандар науқастар саны 200-ден асты. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.


Шымкентте соңғы екі тәулікте коронавирус инфекциясынан 20 науқас жазылып, ауруханада шығарылды. Дертінен сауыққандардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың ішінде екі айлық сәби де бар. Ақ халатты абзал жандар шақалақтан коронавирус инфекциясын дер кезінде анықтаған. Соның нәтижесінде екі айлық қыз баласын емдеу кезінде асқынулар болмады дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ медицина мамандары сәбидің анасы мен әкесінен де коронавирус инфекциясын анықталғанын айтады. Сол себепті емдеу шараларын жүргізген. Екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болған отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 207 науқас дертінен айығып шықты.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.