Шымкентте коронавирусқа қарсы жоспарлы тестілеу жұмыстары 100 пайызға орындалды

Шымкентте осы жылдың сәуір және мамыр айына жоспарланған коронавируске қарсы тестілеу жұмыстары 100 пайызға орындалды.


Сәуір және мамыр айында инфекцияға қарсы тестілеуден 23039 азамат өту жоспарланған. Бұл жұмыс көлемі артығымен орындалып, соңғы екі айда 23975 азамат ПЦР тесттен өткізілді. Нәтижесінде инфекцияға қарсы жоспарлы тексеру жұмыстары 104 % орындалып отыр.

Ал осы жылдың маусым айында 14184 адамды коронавируске қарсы тестілеуден өткізу жоспарланған. Бүгінде оның 1454-і инфекцияға қарсы тексеруден өткізілді.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша төмендегі тізімде көрсетілген азаматтар коронавируске қарсы жоспарлы тестілеуден өткізілген:

1)COVID-19 провизорлық стационарға жатқызылған адамдар;
2) ЖРВИ және пневмониясы бар науқастар;
3) COVID-19 жұқтырғандарынан 14 күнге дейін (үй карантинімен) жақын байланыс деректері анықталған кезде және карантин аяқталғаннан кейін;
4) Контакт фактісі анықталған кезде науқастармен әлеуетті байланысы бар адамдар;
5) респираторлық белгілері бар медицина қызметкерлері;
6) клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаториялық емдеуде және БМСК-ның медициналық бақылауындағы COVID-19 науқастар.

1.2. Профилактикалық мақсатта:
1) ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан автоөткелдерде және темір жолда мемлекеттік шекараны өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;
2) карантиндік изоляторға орналастырылған, шет елден авиарейспен келетін адамдар;
3) COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (инфекциялық стационарлар, пульмонологиялық стационарлар (бөлімшелер), стационарлық изоляторлар (симптомсыздар үшін), карантиндік объектілер (дені сау адамдар үшін), стационарлардың қабылдау бөлмелері, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың сүзгілері, жедел жәрдем бригадалары, ПТР диагностиканы жүзеге асыратын зертханалық мамандар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері айына 1 рет;
4) үйде қызмет көрсететін БМСК әлеуметтік қызметкерлері бір рет;
5) қамқорлықтағыларға үйде қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы;
6) әскерге шақырылушылар.

1.3. Эпидемиологиялық қадағалау мақсатында:
1) стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;
2) шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;
3) клиникалық хаттамаға сәйкес жүкті және жаңа туған нәрестелер;
4) гемодиализдегі пациенттер;
5) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);
6) медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар, ресімдеу кезінде бір рет;
7) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.