Шымкентте «Қазығұрт» мәдениет үйі қайта жанданады

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы Тоғыс тұрғын алабындағы «Қазығұрт» мәдениет үйінің қазіргі жағдайын аралап көрді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


1988 жылы салынған мәдениет үйі «Қазығұрт» өндірістік кооперативінің меншігінде.
Бүгінде нысанды қалалық мәдениет үйіне қарасты «Қазығұрт» мәдениет үйі (кітапхана) жалға алып отыр. Онда қазір үш адам жұмыс жасайды. Аумағы 1130 шаршы метр нысанда жөндеу жұмыстары соңғы рет 1998 жылы жүргізілген. Бүгінде жылыту жүйелері істен шыққан. Тұрғындар көптен бері мәдениет үйін мемлекет меншігіне алу мәселесін көтеруде.
Қала әкімі нысанды мемлекет теңгеріміне алып, жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Әбден тозығы жеткен, 350 орындық мәдениет үйі қайта жөндеуден өтіп, аталған мәселе жоспарға сай шешімін таппақ.
Сондай-ақ, Еңбекші ауданында 564 жаңа жұмыс орны құрылып, екі көпір аяқталып, су электр станциясы салу жоспарлануда. Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айдың қорытындысы бойынша берген есебінде айтылды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.