Шымкентте 28 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 28 мыңға жуық отбасыға берілді, деп хабарлайды anyq.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сәйкес, тұрмысы төмен санатындағы тұрғындарға 11 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілген. Биылғы жылға бұл мақсатқа 17,4 млрд. теңге бөлінген. Республика бюджетінен – 16,4 млрд. теңге, қалған қаражат жергілікті бюджеттен қаралған.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен «Магнум» сауда орталығы арқылы 25700 бала толығымен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері 1-3 жас аралығындағы балаларға – 61 959 пакет азық-түлік жиынтығы, 3-6 жас аралығындағы балаларға – 74 990 пакет азық-түлік жиынтығы, 1-6 жас аралығындағы балаларға– 31 921 пакет тұрмыстық-химия жиынтығы үлестіріліп отыр.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында әлеуметтік көмек көрсетудің жүйесін одан әрі дамытуға арнайы тоқталып, Үкіметке АӘК-ті бөлу тәртібін реттеуді тапсырған болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. Wow, incredible blog format! How long have you ever
    been running a blog for? you make blogging look easy.
    The whole glance of your web site is excellent, as well as the content material!
    You can see similar here sklep online

  2. Good day! Do you know if they make any plugins to help with Search Engine Optimization? I’m trying to get my blog to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good gains.
    If you know of any please share. Thank you! You can read similar art here:
    Dobry sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.