Шымкентте 3500-ге жуық кезекші сынып ашылды

Пандемияға байланысты елімізде оқу жүйесі қашықтан оқыту форматында жүріп жатыр, деп хабарлайды Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.


Бүгінде үшінші мегаполисте жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 1-4 сынып оқушылары мектеп қабырғасында білім алып жатыр.

49 640 бастауыш сынып оқушысы үшін ата-аналардың өтініші негізінде 3 344 кезекші топ ашылды. Яғни білім алушылардың 22 пайызы мектепке барып жатса, қалған 78 пайызы қашықтан білім алуда.

Барлық мектептерде «Bilim Iand — Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған. Сонымен қатар, барлық білім ұйымдары ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізіп жатыр.

Балалар мектепке кірмес бұрын күнделікті дезинфекциялық өткелден өтуі тиіс. Әрі қарай олардың қызуы өлшеніп, антисептик құралымен қолдарын залалсыздандырады. Сондай-ақ, өзімен бірге медициналық бетпердесі жоқ оқушыға жаңа маска беріледі.

Әр кабинеттегі бала саны 15-тен аспайды. Өзара 1,5 метр арақашықтықта қойылған әр партада тек бір ғана оқушы отырады. Кезекші сыныптардағы сабақтар әр уақытқа қойылған. Үзіліс те әртүрлі уақытта болып жатыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.