Шымкентте COVID-19 инфекциясын анықтайтын зертхана тәулік бойы жұмыс істейді

Шымкентте COVID-19 инфекциясын анықтайтын зертхана тәулік бойы жұмыс істейді.


Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық базасындағы зертхана тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Аталмыш зертханада медицина мамандары 24 сағат бойы полимеразды тізбектік реакция әдісімен коронавирус инфекциясына тексеру жүргізеді.

Орталықта COVID-19 инфекциясына күдікті науқастарға және олармен байланысты болған азаматтарға, сырттан келген жолаушыларға сынды арнайы топтағы тұлғаларға зертханалық тексеру ұйымдастырылған.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты, халыққа зертханалық қызметтер көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін 2 ауысымдық (12 сағаттан) жұмыс ұйымдастырылды, аталған жұмысқа 8 қызметкер тартылды, оның ішінде 3 зертхана маманы, 3 зертханашы, 2 кіші медициналық персоналы.

Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде мамандар мәселенің маңыздылығына жіті назар аударып, аса жауапкершілікпен жұмысын атқаруда.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 593 адам анықталып отыр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.