Шымкенттік жас эколог жүлделі орын алды

Нұр-Сұлтан қаласында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы онлайн-форматта өтті.


Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениеттілік пен сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған форумға Шымкент қаласы атынан қалалық кезеңде жеңімпаз болған 6 оқушы қатысты. Бұл туралы қалалық білім басқармасының мамандары мәлімдеді.

Жыл сайын республика көлемінде өткізілетін форум 6 номинация бойынша ұйымдастырылды. «Табиғатты аяла» форумның республикалық кезеңінің қорытындысының нәтижесінде №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының оқушысы Әсеретбек Нұрасыл Нұрланұлы «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша І-орынды иеленіп, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының I-дәрежелі дипломымен  және бағалы сыйлығымен марапатталды.Ал «Экоболашақ» номинациясы бойынша №89 IT мектеп-лицейінің оқушысы Борашева Сара Асанқызы ынталандыру сыйлығын алды. Сонымен қатар, Шымкент қаласынан қатысқан топтың жетекшісі «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ әдіскері Алагозова Салтанат ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.