Шымкенттік оқытушы республикалық байқауда жүлделі орынды иеленді

Бір айға созылған қазақ тілін насихаттау бағытындағы додаға Шымкент қаласының атынан бақ сынасқан Гүлнәр Есепбаева үшінші мегаполистің намысын қорғап шықты.


1 сәуір мен 1 мамыр аралығында елдегі төтенше жағдай мерзімінде Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Республикалық байқауға 29 әдіскер-оқытушы подкаст ұсынды.

«Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» байқауы трендтегі термин арқылы қазақ тілін трендке айналдыруды көздейді. Себебі тіл үйренуде тыңдалым мен айтылым әрекеттері тіл үйренушінің интерактивті-виртуалды қарым-қатынас құру, ақпараты қабылдау және жеткізу, сондай-ақ меңгерілген білімді сақтау, тілді тұтынушының мәдениеті мен әдебиетінен мол ақпарат алу арқылы ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

Аталған сайыста жерлесіміз, Шымкент қалалық Тілдерді дамыту әдістемелік орталығының оқытушысы Гүлнәр Есепбаева жүлделі үшінші орынға ие болды.

Айта кетерлігі, осы Республикалық байқауға ұсынылған радиохабарламалар форматындағы аудиофайлдар тіл үйреніп жүрген азаматтарға таптырмайтын оқу материалы. Тіл үйренушілер бос уақыттарында қазақ тіліндегі ақпараттарды тыңдау арқылы тілдік ортаға бойлап, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.