Шымкент: Ірі сауда орындарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Еңбекші ауданы аумағында орналасқан «Айна», «Евразия», «Көктем» базарлары мен «Фиркан», «Грамад», «Магнум» және тағы басқа ірі сауда орындарында карантин режимін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Сейілмей тұрған қауіптің алдын алу мақсатында арнайы мамандар әр контейнерлерге кіріп, сатушыларға індеттің қаупі жайлы айтып, «әлі де коронавирус дертіне шалдыққандар саны азаймай отыр. Сол себепті сіздер сақтық шараларын міндетті түрде сақтауларыңыз керек» деп, толық түсіндірме жұмыстарын жасады. Бұл жұмыстар сауда орындарына халық көптеп шоғырланатындықтан жүргізілді.

Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай режімі алынғанымен, шектеу шаралары жалғасып жатқаны белгілі.

Осы орайда, халықтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Тұрғындар және заңды тұлғалар, меншік нысанына қарамастан шектеу шараларын, соның ішінде карантиндік режимді орындауы тиіс. Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталды, дегенмен 25 мамырға дейін карантин шаралары жалғасатыны бұған дейін хабарланған болатын.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.