Шымкент: Автомектептердің 40%-ы онлайн форматқа көшті

2ГИС компаниясының мәліметтері бойынша, тіркелген 30 автомектептің 12-сі ғана карантин кезеңінде онлайн режимінде жұмыс істеуді жалғастырды.


Шымкентте карантин 25 мамырға дейін ұзартылды, сондықтан қала тұрғындарының әлі де онлайн оқуды бастауға мүмкіндігі бар — ыңғайлы әрі үй жағдайында.

Онлайн-форматқа қандай ұйымдар көшкенін 2ГИС-тен көруге болады. Ол үшін сізге іздеу жолына «Автомектеп» сөзін енгізіп, тізімді берген кезде жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Онлайн» батырмасын басу арқылы фильтрді пайдалану қажет.

Айта кетейік, бүгінгі таңда, Шымкент қаласында 315-ке жуық өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеуде. Бұл қызмет бұрыштары – мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылып, көп сұранысқа ие анықтамаларды алу кезінде ұзақ кезектілікті ХҚКО-на бармай болдырмау мақсатында қызмет етеді.

Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2 ГИС компаниясымен бірлесіп, қоғам арасында үлкен танымалдыққа ие сервистік 2ГИС мобилдік картасына қаланың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын орналастыру жұмыстарын жүргізді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.