Шымкент: Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтаманы онлайн алуға болады

АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды ХҚО-на келмей-ақ, электронды форматта алуға болады.


Құжаттарды онлайн алу жолдары:

Egov.kz (http://%F0%9F%93%8CEgov.kz) порталына кіріңіз;
Іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз;

Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз;
Куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз;
Портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?
Некеге тұру туралы куәліктің;
Некені бұзу туралы куәліктің;
Туу туралы куәліктің;
Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің;
Әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің;
Ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің:
Қызмет көрсету құны:
Қайталама куәліктер үшін – 1 АЕК
Анықтама үшін – 0,3 АЕК

Айта кетейік, компьютері жоқ азаматтар үшін ХҚО ғимаратынан тыс өздігінен қызмет алуға арналған 315 egov.kz бұрышы ашылған. Олар мемлекеттік органдар мен оқу орындары алаңдарынан мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Тұрғындар қаладағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағынан электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.

Әр сектор қажетті құралдармен жабдықталған, келушілер электрондық үкімет порталы мен басқа да мемлекеттік ресурстарға кіре алады. Мекенжайыңызға жақын орналасқан секторларды 2gis бағдарламасы арқылы табуға болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.